Дата публикации: 2023-01-11
2023 жылғы 10 қаңтарда «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамын «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркеу жүргізілді.
Қоғамның толық және қысқартылған атауы: - мемлекеттік тілде: «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы, «QIC» АҚ;
- орыс тілінде: акционерное общество «Qazaqstan Investment Corporation», АО «QIC»;
- ағылшын тілінде: Qazaqstan Investment Corporation joint stock company, QIC JSC.
Қоғамның жалғыз акционері мемлекеттік акциялар пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып қала береді. Өзгерістер компанияның заңды тұлға ретіндегі ресми атауына ғана әсер етті.
Qazaqstan Investment Corporation қызметі ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесуге, Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға және экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған тікелей инвестициялар қоры болып қала береді.
«2022 жылы Qazaqstan Investment Corporation қызметінің бағыттары оның еншілес ұйымдары – «QazTech Ventures» акционерлік қоғамы мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» акционерлік қоғамының қосылуына байланысты айтарлықтай кеңейгенін атап өткен жөн. Қоғам қызметіндегі маңызды жаңалық QIC стрестік активтер мен венчурлық қаржыландыру сегментіне, сондай-ақ инфрақұрылымдық активтер мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік нарығына қатысуы арқылы инвестициялық мандатты кеңейту болды», - деді баспасөз қызметі.