2004 жылы КИМЭП-ті бухгалтерлік есеп және Қаржы мамандығы бойынша бітіріп, МВА дәрежесін алды.
Қаржы саласында – активтерді басқару, корпоративтік қаржыландыру, Инвестициялық банкинг, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласында 20 жыл жұмыс тәжірибесі бар.
Әр түрлі уақытта «Жетысу» зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйым» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Verny Investments Holding» ЖШС, «Тройка Диалог Казахстан» АҚ, «Visor Holding» ЖШС сияқты компанияларда әртүрлі лауазымдарды атқарды. Соңғы 8 жыл бойы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобында, атап айтқанда «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Qazaqstan Investment Corporation»АҚ – да жұмыс істеді. Басқару тәжірибесі 11 жылдан асады.
Мансап барысында мұнай, электр энергетикасы және банк салалары компаниялары үшін жалпы сомасы 3 3,5 млрд астам жария қарызды қаржыландыруды ұйымдастыру, көлік-логистика және электр энергетикасы салаларындағы компанияларды жалпы сомасы 5 500 млн және т. б. сатып алу-сату сияқты жобаларға қатысты.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ.
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.
Қазақ көлік және коммуникация Академиясын, International Business School (IBS), Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Executive MBA «Қаржылық менеджмент».
Қаржы ұйымдарында 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. «АТФБанк» АҚ, «ҚДБ - Лизинг» АҚ - да Тәуекел-менеджменті департаментінің директоры, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған және «Almaty Citic Kazyna Adviser» ЖШС жұмыс істеген.
Инвестициялық мәмілелерді құрылымдау, тікелей инвестициялар, бизнесті несиелеу саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар.
2010 жылы Экономика және қаржы колледжін, «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2013 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алып, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітірген.
2018 жылы «Корпоративтік қаржы» бағыты бойынша Ресей Халық Шаруашылығы Академиясын қаржы магистрі атағымен бітірді.
«Болашақ» президенттік стипендиясы бағдарламасының түлегі.
2022 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін - «BV Management» ЖШС Бас директорының Инвестициялар жөніндегі орынбасары.
2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы тамызға дейін «Kazakhstan Investment Development Fund» АҚ-та басшылық қызметте жұмыс істеді.
2018-2021 жылдары - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ талдаушысы, банкир, аға банкир.
2016-2018 жылдары - «Кредит Еуропа Банк» АҚ (Мәскеу), «РосЕвроБанк» АҚ (Мәскеу) ірі бизнесті кредиттеу департаментінің жетекші талдаушысы.
2012 жылдан 2016 жылға дейін - қаржы институттарында және екінші деңгейдегі банктерде әртүрлі лауазымдарды атқарған.