«Бәйтерек» Холдингі мен Жалғыз акционердің жаңартылған инвестициялық саясатына сәйкес, Қордың инвестициялық саясаты елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасайтын Қазақстан экономикасының жеке секторының жобаларына назар аударады. Қор қаржыландыруды шикізаттық емес салаларда ұзақ мерзімді өтелімі бар ірі, капиталды қажет ететін жобаларға да, шағын және орта бизнес жобаларына да ұсынатын болады. Қордың инвестициялық саясатында жобаны дамыту индексі сияқты көрсеткіш енгізілді. Жобалардың тартымдылығын бағалау даму индексі негізінде жүзеге асырылады, бұл ең маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларға басымдық беруге және оларға қаржыландырудың неғұрлым тиімді шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.