«BV Management» ЖШС 2014 жылы құрылды және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 100% еншілес компаниясы болып табылады.
Компания private equity капиталды басқару компаниясы болып табылады және DBK Equity Fund CV және KCM Sustainable Development Fund I C.V. қорларының бас серіктесі ретінде әрекет етеді.
Компания Қазақстан экономикасының басым секторларында жұмыс істейтін компанияларды қаржылық қолдау құралдарымен қамтамасыз етеді.
DBK Equity Fund CV
Қордың капитализациясы – 33,5 млрд. теңгені құрайды.Қаржыландыру мерзімі - 7 жыл.
Инвестициялық саясат –«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «ДБ - Лизинг» АҚ жобаларын қаржыландыру.
KCM Sustainable Development Fund 1 CV
Қордың капитализациясы – 25 млрд. теңгені құрайды.Қаржыландыру мерзімі - 7 жыл.
Инвестициялық саясат – экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру.