Дата публикации: 2023-06-11
«APEX Fund I» Limited Partnership апекс қоры алынған қаражаттың көмегімен отандық микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыра алатын кредиттік серіктестіктерге (КС) және микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) инвестиция салады.
Қаражат инвестицияға, оның ішінде агроөнеркәсіптік саласына, бірақ онымен шектелмей, негізінен ауылдық жерлер мен моноқалаларға бағытталады деп жоспарлануда.
Апекс қорын құру бойынша «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) негізгі серіктестері Khan Tengri Capital LLP кәсіби инвестициялық командасымен бірлесіп «Орталық» кредиттік серіктестігі» ЖШС (ОКС) болды. АХҚО алаңында тараптар Apex Management Limited басқарушы компаниясын құрды және реттеуші лицензиясын алды. Компания апекс қорын басқаруды жүзеге асырып, сыртқы қорландыруды тартады.
Апекс қорының негізгі міндеті КС және МҚҰ қаржыландырудың нарықтық тетігін құру, өңірлерде қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ШОБ еңбек өнімділігін арттыру болып табылады.
Жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты және елдің азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділігін азайтуға, Қазақстанның шикізат тауарларының экспортына тәуелділігін төмендетуге, ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылады.
Бүгінгі күні кредиттік серіктестіктер қорландыру көздері мен көлемдерінде шектеулі. Қазақстанда ірі зәкірлік инвесторлар жоқ, бұл агроөнеркәсіптік индустриясын дамытуда кедергілер тудырады.
Құрылған апекс қоры микро және ШОБ-ты дамытудың, сондай-ақ Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың тиімді құралы болуға арналған.
Алдын ала болжам бойынша, фонд «APEX Fund I» қызметі қордың жұмыс істеуі кезеңінде 7 300-ден астам жұмыс орнын қолдауға, шығарылатын өнімнің жыл сайынғы көлемін 180 млрд. теңгеден астам көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте бюджетке күтілетін салық түсімдері шамамен 1,3 млрд. теңгені құрайды.
Облигациялар орналастыру, қарыздар тарту, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен кәсіби қатысушылар атынан стратегиялық үлестік әріптестерді іздеу жолымен Апекс қорына инвестицияларды тартуды жүзеге асыру жоспарлануда.
Анықтама ретінде:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған private equity қорларының қоры. Біздің қызметіміз Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалануға және private equity-ге инновациялық білім мен технологияларды трансферттеуге бағытталған.
Апекс ұйымы (қоры) – белгілі бір елде немесе өңірде әр түрлі кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарына қаржыны (кредиттер, гранттар, қарыздар) қайта бағыттайтын көтерме мекеменің бір түрі.
Кредиттік серіктестік (КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен және басқа да көздер есебінен кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банктік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға (құрамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа/фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындары және т.б. кіреді).
«Орталық» кредиттік серіктестігі» ЖШС – мамандандырылған қаржы ұйымы. ОКС-ге 42 өңірлік кредиттік серіктестік кіреді, олардың қатысушыларының жалпы саны 8 мың кәсіпкерден асады.