артқа

Digital Almaty 2023 форумы аясында «Экономиканың креативті секторын қолдау шаралары» тақырыбында панельдік сессия өтті

Дата публикации: 2023-02-06

3 ақпанда Digital Almaty 2023 форумы аясында «Экономиканың креативті секторын қолдау шаралары» тақырыбында панельдік сессия өтті. Сессияны ұйымдастырушылар – Алматы қаласының әкімдігі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Qazaqstan Investment Corporation.

Сессия спикерлері ретінде Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы – Берік Солтанбаев, event-продюсер – Қайрат Құлбаев, Start бейнесервисінің продюсері және шоураннері – Ирина Сосновая, деректі кино режиссері – Катерина Суворова, Brave Talents және Brave Engineering компанияларының басқарушысы – Алмас Жали, ÕZEÑ шығарушы лейблін жасаушы – Айзатулла Хуссейн сөз сөйледі. Сессия модераторы Born Nomad және Kazakhstan Brand Incubator директоры – Айка Алеми болды.

Жанды пікірталас барысында спикерлер қазақстандағы креативті саланы дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ креативті индустрия жобаларының өсуі мен ауқымы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдары туралы өз көзқарастарын ұсынды.

Өз кезегінде Берік Солтанбаев 2022 жылғы қыркүйекте бекітілген «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалардың» негізгі міндеттеріне қысқаша шолу жасады, онда креативті индустриялар мен IT секторы дамудың басым бағыттарының біріне айналды.

«Бүгін біз өз алдымызға қалалық экономиканы сауда мен қызмет көрсетуден кәсіби құзыреттілікті дамытуға трансформациялау міндетін қойып отырмыз».

Осылайша бағдарлама аясында көзделген мақсаттар:

- Креативті индустрияларды және IT дамыту үшін экожүйені қалыптастыру.

Шығармашылық үшін жаңа кеңістіктер ашу, білім беру бағдарламаларын дамыту, шығармашыл адамдар қауымдастығын құру және соның ішінде қаржылық қолдау.

- Венчурлық қор мен краудфандинг платформасын құру арқылы стартаптарды қаржыландыру.

Жаңа жобаларды ынталандырудың қаржылық шаралары ретінде Алматы әкімдігі бастапқы капиталдандыруы 10 млрд. теңгені құрайтын, оның 50%-ы жеке қаражатты құрайтын қалалық венчурлық қор құруды жоспарлап отыр. Қордың инвестициялары бес бағытқа – кино, музыка, сахна өнері, цифрлық ойын-сауық, дизайн және сән салаларына шоғырландырылады.

- Жеке инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау.

Мысалы, бағдарламада бейне және дыбыс жазу студияларын құруға, жеке шығармашылық хабтарды, Digital City IT кварталын және т.б. салуға инвестициялар тарту жоспарлары бар.

- Білім беру бағдарламаларын жаңарту, жасампаз және шығармашылық қағидаттарды ашу үшін дәстүрлі білім жүйесінен неғұрлым икемді оқыту жүйесіне ауыса отырып, қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде кадрлар даярлау тәсілін өзгерту.