Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«BV Management» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, сақтандыру және анықтау бойынша функцияларды енгізу, сондай-ақ «BV Management» ЖШС-де сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністерінде оны жалпы қабылдамау ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.
Осы мақсатта «BV Management» ЖШС Байқау кеңесі, «BV Management» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын (2022 жылғы 31 тамыздағы №92 хаттама) бекітті, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ «BV Management» ЖШС қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және қызметтік міндеттерін орындау барысындағы адалдық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуді көздейді.

Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық фактілері немесе ықтимал жағдайлары, сондай-ақ «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ компаниялар тобындағы (оның ішінде «BV Management» ЖШС) басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдар жөнінде +7 (7172) 907 740 телефоны бойынша, сондай-ақ «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне, compliance@qic.kz электрондық мекен-жайы, 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй пошталық мекенжайы бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысына хабарласу қажет.